Андрей Голубев Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына шықты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Санкт-Петербург ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Голубев монаколық Хьюго Ниспен бірге бастапқы кездесуін тағы бір қазақстандық Александр Бублик – Беларусь өкілі Илья Ивашкамен өткізді. Қазақстандық-монаколық жұп бір сағатқа жетпеген матчта 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Олар бәсеке барысында 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйстен аса алмады.
А.Голубев пен Х.Нистің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың әлемдік рейтингте үздік жүздікке қайта оралғанын, Александр Бубликтің Санкт-Петербург турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дэвис кубогы финалына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.