Жүкті әйелдерге олардың келісімінсіз вакцина салынады - фейк
<p style="text-align: justify;">Желіде жүкті әйелдерге КВИ-ге қарсы екпе олардың келісімінсіз салынады деген қауесет ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> S<a href="https://stopfake.kz/ru/archives/9344" target="_blank" rel="noopener noreferrer">topfake.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Қазнет қолданушылары «22 қарашадан бастап жүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялай бастайды» деген хабар таратуда.
Бұл ретте хабарламада барлығын бірдей егу жоспарланып отырғандықтан, олардың вакцинациядан бас тартуы қабылданбайтыны айтылған.
Ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
«Жүкті әйелдерді вакцинациялау егілетіндердің ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін ғана жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күні жүкті әйелдерге КВИ-ге қарсы вакцина салынып жатқан жоқ», деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.