Спорт
1 мин оқу 692
Гір тасын 160 рет көтерді
<p style="text-align: justify;">Венгрия астанасы Будапешт қаласында гір тасын көтеруден өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы екі санат бойынша күміс медаль иеленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер ауданының тумасы Анастасия Севостьянова 58 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынады. Әуесқойлар және ардагерлер арасындағы аламанда топқа түскен ол сенімнің үдесінен шықты. Ол серпе көтеру жаттығуында 10 минут бойы 16 килограмдық гір тасын 160 мәрте көтерді.
Бөлісу: