Оқиға
1 мин оқу 981

Жамбыл облысында төбелес кезінде 2 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысы Шу қаласында төбелес кезінде екі адам қайтыс болды, бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полицияның хабарлауынша, оқиға 23 қазанда шамамен сағат 21.00-де жеке үйде болған. Алкогольді ішімдікті бірге ішкен бес адамның арасында жанжал шығып, соңы топ болып төбелесуге жеткен.

Пышақ жарақатынан екі адам қайтыс болды, бір адам Шу қаласының ауруханасына жансақтау бөліміне жатқызылды.

Жүргізілген тергеу барысында 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тағы бір 34 жастағы ер адамды іздеу шаралары қабылданып жатыр.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («екі немесе одан көп адамды өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.

Бөлісу:
Жамбыл облысында төбелес кезінде 2 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар