Спорт
1 мин оқу 332

Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды

<p style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалына жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордада өткен ширек финалдағы соңғы ойында «Қайсар» мен «Қайрат» командалары кездесті. Ойын барысында алматылық клубтан Вагнер Лав 76, Артур Шушеначев 88-минуттарда гол соқты.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Алғашқы ойында алматылықтар 3:0 есебімен басым түскен болатын.

Сондай-ақ, бүгін Қарағандының «Шахтері» өз алаңында «Таразды» 3:1 есебімен жеңді. Алғашқы кездесуде командалар 0:0 есебімен тең нәтиже көрсеткен еді.

Бөлісу:
Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар