Теннис: Александр Бублик жеңіліп қалды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Санкт-Петербург ATP 250 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 53-орында тұрған германиялық Ян-Леннард Штруфпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте германиялық спортшы брейк жасап, өз геймін де алды – 6:4. Екінші сетте де 4:2 есебімен алға кетті. Ақыры тағы бір брейкпен матчты түйіндеді – 6:3.
Небәрі 1 сағат 14 минутқа созылған матчта А.Бубликке жинақылық жетіспеді. Ол 15 эйс жасағанымен, қателікке де жиі жол берді.
Қарсыласы 7 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Германиялық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, канадалық Денис Шаповаловпен таласады.