Тарих
1 мин оқу 210

Кешегінің кебежесі

<p style="text-align: justify;">Өткен ғасырдың 30-шы жыл&shy;дары жасалған кебеже Жезді кентіндегі Мәкен Тө&shy;ре&shy;&shy;гелдиннің есімін иеленген тау-кен және балқыту ісі та&shy;&shy;рихы музейіне қойылды. Аталған тұрмыстық бұйым мұ&shy;&shy;ражай жылнамасына жиыр&shy;ма мыңыншы жәдігер болып тір&shy;келді.</p>

Кешегінің кебежесі

Негізі ағаштан соғылып, темір және сүйек әшекейімен өрнектелген кебеже Жан­босын Текқұлұлы есім­ді ше­бердің қолынан шыққан. Жә­дігерді музейге кол­өнершінің не­мересі Шах­мардан Жанбосынов тап­сы­рыпты. Айта кету керек, атал­ған шебер жасаған арба, ат әб­зелдері сияқты бұ­йым­дар да музей төрінен орын алған.

Жалпы, кебеже көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұс­танған қазақ халқы үшін аса қа­жет тұрмыстық бұйымның бірі болды. Мұнда сол заманның адамдары күнделікті тұрмыста жиі және ұзақ уақыт қолданған заттарын сақтаған.

Уақыттың сынына төтеп берген кебежені суретші-рес­тавратор, Мәдениет қайраткері Ерғазы Исатаев қалпына келтірген.

Бұдан бөлек, Мәкен Төрегелдин музейінің ашық аспан астындағы экспозициясы ұста жабдығымен де толықты. Мұнда келушілер құрал-саймандар жасауға арнал­ған түп­нұсқалық көрігі­мен, ұстаның темір соғатын төсі және шеберлердің басқа да құралдарымен таныса алады. Мамандардың айтуынша, мұн­дай ұстаханалар XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ ауылда­рында жиі кездескен.

Қарағанды облысы,

Жезді кенті

Бөлісу:
Кешегінің кебежесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар