Хоккей
1 мин оқу 220

Төртінші мәрте ұтылды

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның &laquo;Барысы&raquo; қатарынан төртінші кездесуінде ұтылып, өз жанкүйерлерін әбден жерге қаратты.</p>

Төртінші мәрте ұтылды

Новосібір қаласында өткен бәсекеде екі команда әбден тіресті. Бірінші кезеңнің өзінде төрт шайба қақпа торынан табылды. Бір айта кетерлігі, бұл голдардың барлығы да 13 пен 20-минуттар аралығында соғылды. Алғашында Денис Голубев есеп ашты – 0:1. Біраз уақыттан соң Дмитрий Гурков таразы басын теңестірді – 1:1. Соңғы минуттарда Ни­колай Демидов пен Кертис Волк бір-бір реттен мергендік танытты – 2:2. Екінші кезеңде де же­ңімпаз анықталған жоқ. 24-минутта Волк дубль авторы атанса, 35-минутта Егор Миловзоров нысананы дәл көздеді – 3:3. Үшінші кезең мен қосымша уақытта таблодағы есеп өзгерген жоқ. Ал буллит соғу барысында «Сибирьдің» асығы алшысынан түсті.

Биылғы маусымда жеңілістен бас көтер­мей келе жатқан «Барыстың» жағдайы күн­нен-күнге күрделене түсуде. Қазіргі кезде жер­­ле­стеріміздің қоржынында небәрі 19 ұпай бар.

Бөлісу:
Төртінші мәрте ұтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар