Футбол
1 мин оқу 333
«Барселона» бас бапкерсіз қалды
<p style="text-align: justify;">Испанияның «Барселона» футбол клубының басшылығы 58 жастағы нидерландылық маман Рональд Куманды қызметінен қуды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Куман «Барселона» футбол клубының тізгінін өткен жылдың тамыз айында ұстаған болатын. 2020/2021 футбол маусымында Рональд Куманның жетекшілігімен клуб Испания кубогын ұтқан. Сондай-ақ ла-лигада үшінші орын алған болатын.
Осы маусымда 15 ұпай жинаған әйгілі каталониялық ұжым турнир кестесінде тоғызыншы орынға орналасқан. Ал чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орында тұр.
Бөлісу: