Өнер
1 мин оқу 264

Иманбекке АҚШ-тан жеткен «Грэмми» сыйлығы тапсырылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновке Лос-Анджелестен жеткен &laquo;Грэмми&raquo; сыйлығы тапсырылды. Оның жеңіп алған сыйлығы жеті айдан соң қолына тиіп отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алтыннан апталған сыйлықты тапсырған сәтті әншінің өзі Instagram желісінде жазды.

Айта кетейік, 2021 жылдың 15 наурызында Иманбек Roses әніне арнап шығарған ремиксі үшін әлемдік беделді «Грэмми» сыйлығының лауреаты атанды. Ол осы марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық және ТМД елдері арасындағы жалғыз әнші атанып отыр.

Қазір Иманбек Зейкенов әлемге танымал көптеген әншілермен жұмыс істейді. Олардың қатарында 50 Cent, LP, Алан Уокер, Моргенштерн және т.б. бар.

Бөлісу:
Иманбекке АҚШ-тан жеткен «Грэмми» сыйлығы тапсырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар