Әлем
1 мин оқу 460
Әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті
<p style="text-align: justify;">БҰҰ әлемдегі қақтығыстарға байланысты 48 миллион адам босқын мәртебесіне ие екенін мәлімдеді. Бұл - тарихи рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы ұйымның арнайы баяндамашысы Сесилия Хименес-Дамари 27 қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтты.
«Қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан кетуге мәжбүр болғандардың саны әлемде 48 миллион болды, бұл - бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш», деді ол.
Бөлісу: