Аймақтар
1 мин оқу 125

СҚО-да өртенген үйден 15 адам эвакуацияланды

<p style="text-align: justify;">Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шығып, өрт сөндірушілер бір адамды құтқарып, 15 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

СҚО-да өртенген үйден 15 адам эвакуацияланды

Чайковский көшесіндегі 13-үйде екі балконның жанып жатқандығы туралы хабарлама 101 нөміріне сағат 14.06-да түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер алдымен көк түтінге оранған пәтерден 51 жастағы ер адамды автосатының көмегімен алып шықты.

Сондай-ақ тағы 15 тұрғынды, соның ішінде 4 баланы қауіпсіз жерге шығарды.

«Өрт үйдің 3-қабатындағы балконнан шығып, үстіңгі қабаттың балконына ауысқан. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Құтқарылған ер адам мас болды»,  дейді Петропавл қалалық № 3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Ернар Рүстем.

Жалынмен күреске 6 техника және 25 адам жұмылдырылып, 20 минуттың ішінде толық сөндірілді. Құтқарылған ер адамның айтуынша, пәтерді бірнеше адам жалдап тұрады. Астаналық бригада Петропавлда құрылыс нысанында жұмыс істейді. 

Бөлісу:
СҚО-да өртенген үйден 15 адам эвакуацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар