Спорт
1 мин оқу 154

ҚХЛ: «Барыс» «Адмирал» командасын жеңді

<p style="text-align: justify;">Бүгін астаналық &laquo;Барыс&raquo; Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде &laquo;Адмирал&raquo; командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

ҚХЛ: «Барыс» «Адмирал» командасын жеңді

Кездесу барысында қазақстандық команда сенімді ойын көрсетті. Шабуыл шебінде көбірек қимылдап, гол соғу мүмкіндігін іздеді. Алғашқы кезеңде Дмитрий Гурков 11-минутта «Барысты» алға шығарды. Одан кейін 29-минутта Якоб Бертлунд есепті үстемелей түсті.

Ал 32-минутта Даррен Диц мергендік танытты. Осылайша алғашқы екі кезеңде елордалық хоккейшілер қарсыласын үш гол айырмасымен жеңіп тұрды.

Үшінші кезеңде «Адмирал» сапынан Джош Кестнер 41-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Келесі кезекте елордалық Дінмұхамед Қайыржан 55-минутта басымдықты арттыра түсті. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Енді «Барыс» 30 қазанда Ресейде «Амур» командасымен кездеседі.

Бөлісу:
ҚХЛ: «Барыс» «Адмирал» командасын жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар