Бокс
1 мин оқу 660

ӘЧ: Нұрлан Сапарбай жеңіліп қалды

<p style="text-align: justify;">Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында аса ауыр салмақтағы саңлақтар рингке көтерілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ӘЧ: Нұрлан Сапарбай жеңіліп қалды

+92 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Нұрлан Сапарбай алғашқы жекпе-жегін испаниялық Аюб Гадфа Дриссиге қарсы өткізді. Шаршы алаңда ширақ қимылдаған испан боксшысы шын мықтыға тұсау жоқ екенін дәлелдеп, жеңіске жетті. Осылайша екінші қазақ боксшысы жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Бұған дейін 86 килограмм салмақтағы үмітіміз Бек Нұрмағанбет әлем чемпионатымен қош айтысқан еді. 

Бөлісу: