Аймақтар
1 мин оқу 320

Алматыда ұшақтарға жанармай құю тоқтатылды

<p style="text-align: justify;">Алматы халықаралық әуежайында авиациялық отынның тапшылығына байланысты шаралар қабылданды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әуежайдың мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайында үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейстерінің жанармай құю көлемін шектеу және бір жолғы чартерлік рейстердің жанармай құюын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

«Бұл шаралар Қазақстандағы авиациялық отынның тапшылығына байланысты қабылданды», деп түсіндірді әуежайдағылар.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайында әуе тасымалдаушылар отын тапшылығына байланысты тоқырау алдында тұрғаны хабарланды. Бұл мәселеге қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) жөндеу жұмыстарымен байланысты авиакеросин тапшылығы болғанын мәлімдеді.
Бөлісу:
Алматыда ұшақтарға жанармай құю тоқтатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар