Бокс
1 мин оқу 250

ӘЧ: Бүгін шаршы алаңға төрт боксшымыз шығады

<p style="text-align: justify;">Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты қыза түсті. Бүгін шаршы алаңға төрт бірдей қазақ боксшысы көтеріледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ӘЧ: Бүгін шаршы алаңға төрт боксшымыз шығады

Алдымен рингке 54 келі салмақ дәрежесіндегі сайыпқыранымыз Махмұд Сабырхан шығады. Ол Оңтүстік Корея боксшысы Ин Гю Киммен қолғап түйістіреді (кездесу шамамен 18:30-да). Бұдан соң 92 келі салмақтағы саңлағымыз Айбек Оралбай польшалық Матеуш Березницкийдің шамасын байқап көрмек (жекпе-жек 20:15-ке жоспарланған). Үшінші болып рингте 60 келі салмақтағы Саматәлі Төлтаев көтеріледі. Саматәлінің қарсыласы – тайландтық Хунатицу Пиднучу (шайқас уақыты – 22:45).

Ал күннің басты жекпе-жегінде 71 келі салмақтағы Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Шахрам Гиясовты жеңуге тырысып көрмек (кездесу уақыты – 00:15).

Асланбек Шахрамды бұрын жеңген. Енді сол жеңісін қайталауға күш салады. Бұл шайқастардың барлығын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. 

Бөлісу:
ӘЧ: Бүгін шаршы алаңға төрт боксшымыз шығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар