Павлодарда жол апатынан жүргізуші қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қазан күні сағат 17:15-те Шарбақты ауданы Хмельницкое ауылының маңында 35 жастағы мотоцикл жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің 46 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», делінген ПД хабарламасында.
Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде.
Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 451 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 38 адам қаза тауып, 676 адам жарақат алған.