Аймақтар
1 мин оқу 300

Биыл Шымкентте 3 177 бейнебақылау орнатылды

<p style="text-align: justify;">Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Ońt&uacute;stik телеарнасының &laquo;Әкім сағаты&raquo; бағдарламасында қалаға өткен жылы 3 153 камера, биыл 3 177 камера қойылғанын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Оның ішінде 4 441-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, 1889-ы жол қауіпсіздігіне бағытталған. Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы арқылы басқарылады. 

ы

Жедел басқару орталығының техникалық базасы да жаңартылды. Нәтижесінде камераларды шолу 3 есеге артты. «Сергек» камераларына қарайтын 32 автоматтандырылған жаңа жұмыс орны құрылды.

а

Бейнеқабырғаларға бұрын екі жүйе қосылған болса, енді олардың саны 8-ге өсті, яғни әлеуметтік нысандар, «Сергек», GPS карталар, Pelco, ИНТЕГРА-С қосылды.

Бөлісу:
Биыл Шымкентте 3 177 бейнебақылау орнатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар