Аймақтар
1 мин оқу 570

Өскеменде басы жарылған ер адамның денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында басы жарылған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өскеменде басы жарылған ер адамның денесі табылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мәйіт кеше қаладағы шаштараздың бірінің маңынан табылған.

«102» жедел арнасына хабарласқан қала тұрғын басы жарылған ер адамның мүрдесі жатқанын жеткізген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетіп, көп ұзамай марқұмның кім екендігі белгілі болды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

52 жастағы азаматтың қатты соққыдан көз жұмғаны анықталған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

Бөлісу:
Өскеменде басы жарылған ер адамның денесі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар