Бизнес
1 мин оқу 312

Кәсіпкерлерге 1 млн долларға дейін несие беріледі

<p style="text-align: justify;">Өзбекстанда кәсіпкерлер бұдан әрі 1 млн долларға дейін несие ала алады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><strong>.</strong></p>

Өзбекстан Президенті 27 қазанда қол қойған бұйрыққа сәйкес, несие ұлттық валютамен беріледі. Несиенің Орталық банктің базалық ставкасынан (14%) асқан бөлігінің үстеме пайызы кәсіпкерлерге кері қайтарылады. Өтемақыны Кәсіпкерлікті қолдау қоры төлеп береді.

Құжатта 1 қарашадан бастап Өзбекстан атынан кәсіпкерлікті қолдау жобасы үшін халықаралық қаржы институттарынан және шетелдік үкіметтік ұйымдардан алынған несиелер жобаға қатысқан қаржы ұйымдары тарапынан 10 жылдан кем емес мерзімге қайта қаржыландырылатыны да айтылған.

Бөлісу:
Кәсіпкерлерге 1 млн долларға дейін несие беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар