Спорт
1 мин оқу 420
ӘЧ: Махмұд Сабырхан жарысты жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында боксшыларымыз әзірге үмітті ақтап тұр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып рингке көтерілген Махмұд Сабырхан жарқын мәнердегі жеңісімен жанкүйерлерді қуантты. Оңтүстік Корея елінің үкілі үміті Ин Гю Киммен қолғап түйістірген отандасымыз үш раунд бойы сауатты жұдырықтасып, жеңісті жорықты жалғастырды. Талантты боксшының рингтегі өнері көз сүйсінтті.
Бөлісу: