Бокс
1 мин оқу 280

Сәпиевтің жүлдесі үшін Республикалық турнир өтті

<p style="text-align: justify;">25-29 қазан аралығында Лондон Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер Кубогының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында бокстан Республикалық турнир өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2021 жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылған жарысқа 7 облыс Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары пен Нұр-Сұлтан қаласынан  келген 222 спортшы қатысты.

Төрт күнге созылған турнир қорытындысы бойынша Қарағанды облысының командасы 7 алтын, 6 қола медаль жеңіп алып, бірінші орын алды.

Нұр-Сұлтан қаласының жас былғары қолғап шеберлері 2 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдемен екінші, Павлодар облысының командасы 2 алтын, 2 қола медальмен үшінші сатыға жайғасты.

Ал Алматы облысы (бір алтын, 6 күміс, 5 қола) төртінші, Ақмола облысы (1 алтын, 3 күміс, 6 қола) бесінші, ШҚО (бір алтын, екі күміс, үш қола) алтыншы, Қостанай командасы (бір күміс) жетінші, СҚО (екі қола) сегізінші орыннан көрінді.

Бөлісу:
Сәпиевтің жүлдесі үшін Республикалық турнир өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар