Бокс
1 мин оқу 420
Бүгін төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады
<p style="text-align: justify;">Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күндізгі сессияда 48 кило салмақ дәрежесіндегі үкілі үмітіміз Теміртас Жүсіпов сербиялық Омер Аметовичпен кездессе, 75 кило салмақтағы саңлағымыз Нұрқанат Райыс молдовалық Влад Гаврилюкпен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ 80 кило салмақтағы Нұрбек Оралбай бразилиялық Фильо Исаясқа қарсы рингке көтерілмек. Кешкі сессияда 63,5 кило салмақтағы сайыпқыранымыз Санатәлі Төлтаев молдовалық Василий Чеботарьды жеңуге тырысады.
Бөлісу: