Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 500
Боксшылар салмақ өлшеу рәсімінде төбелесіп қалды
<p style="text-align: justify;">Ертең Нью-Йорктегі әйгілі «Madison Square Garden» аренасында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл күні шаршы алаңға бірінші жартылай орта салмақтағы Пуэрто-Рико боксшысы Хосуе Варгас пен америкалық Хосе Сепеда көтеріледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде екі боксшы жанжалдасып қалды. Бетпе-бет кездесу болмай жатып, екі мықты бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Абырой болғанда сілтеген қолдары бір-біріне тиген жоқ. Боксшыларды ажыратудың орнына екеуінің командасы да төбелеске кірісіп кете жаздады. Ринг сыртындағы «шайқасты» ұйымдастырушылар тоқтатты.
Бөлісу: