Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 350

Жұдырығын ала жүгірген боксшы нокаутқа түсті

<p style="text-align: justify;">Америкалық кәсіпқой боксшы Хосе Сепеда Пуэрто-Рико елінің атынан рингке көтерілген қарсыласы Хосуэ Варгасты бірінші раундта ауыр нокаутқа түсірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жұдырығын ала жүгірген боксшы нокаутқа түсті

Кеше өткен салмақ өлшеу рәсімінде Хосуэ Варгас Сепедаға жұдырығын ала жүгірген болатын. Оның осы әрекетіне қарап, жекпе-жекке психологиялық тұрғыдан дайын еместігін сезген едік. Тап солай болып шықты. Бүгін Сепеда оны бірінші раундта сұлатып салып, өзіне тиесілі WBC silver белбеуін сәтті қорғады.

Бөлісу:
Жұдырығын ала жүгірген боксшы нокаутқа түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар