Жекпе-жек
1 мин оқу 243
Дана Уайт: Ян мен Стерлинг кездесуі керек
<p style="text-align: justify;">UFC жетекшісі Дана Уайт ресейлік аралас жекпе-жек шебері Петр Ян жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Алджамейн Стерлингпен сегізбұрышта кездесетінін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абу-Дабиде өткен шайқаста Петр Ян Кори Сэндхагенді ұпай санымен жеңіп, уақытша чемпионға берілетін белбеуді иеленді.
Кездесу аяқталғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында сөз алған Дана Уайт: «Бұл бір керемет кездесу болды. Петр Янды тоқтату мүмкін емес. Ол тек алға жүреді. Шын мәнінде чемпион. Алджамейн Стерлинг онымен кездесуі керек», деді өз ойымен бөлісіп.
Бөлісу: