Бокс
1 мин оқу 260
ӘЧ: Саматәлі Төлтаев қарсыласынан айласын асырды
<p style="text-align: justify;">Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 кило салмақта бақ сынап жатқан қазақ боксшысы Саматәлі Төлтаев колумбиялық Дуван Сулето Мореномен жұдырықтасты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үш раунд бойы өзіне тән шеберлігін көрсете білген отандасымыз бұл жекпе-жекте жеңіске жетті. Әрине, колумбиялық боксшы оңай шағылатын жаңғақ еместігі түсінікті. Әйтсе де ұлттық құрамадағы әріптестерінің жеңісті жорығын жалғастырғысы келген жампоздың жеңіске деген құштарлығы зор болғаны қуантты.
Бөлісу: