Спорт
1 мин оқу 150

VAR – Қазақстанда да бар

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қарашадан бастап біздің елде де әлем&shy;дік тәжірибедегі VAR жүйесі қолда&shy;нылмақ. Қазақстанның футбол федерациясы мен кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Қазақстан кубогы ойын&shy;да&shy;рында VAR жүйесін қолдануға FIFA-дан ресми рұқсат алды.</p>

VAR –  Қазақстанда да бар

Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің таратқан мәліметі бойынша, қа­зіргі уақытта бірқатар отандық футбол тө­ре­шілері, оқудың барлық кезеңінен өтіп, ресми ойындарда VAR (video assistant referee) және AVAR (assistant VAR) ретінде жұмыс істеу үшін FIFA-дан қажетті лицензияларын алған.

Сөйтіп келесі маусымда OLIMPBET-Суперкубок, OLIMPBET-Чемпионат және OLIMPBET-кубогының ойындарында қызмет көр­сетуге жоспарланған барлық төреші үшін оқыту және лицензиялау процесі жал­ғасуда. Ал осы маусымдағы кубоктың жартылай финалдық және финалдық ойындары FIFA және IFAB бекіткен VAR хаттамасына сәйкес өтеді.

Футболдан Қазақстан кубогы ойындары­ның жартылай финалында «Тобыл» – «Шах­тер» және «Астана» – «Қайрат» клубтары бақ сынайды. Алғашқы ойындар 6-7 қара­шаға, қарымта матчтар 20-21 қарашаға жос­парланған. Айта кетейік, соңғы рет Қазақ­стан кубогын 2019 жылы Қызылорданың «Қай­сары» жеңіп алған болатын. Ал былтыр пан­демияға байланысты кубок бәсекесі ұйымдастырылған жоқ.

Бөлісу:
VAR – Қазақстанда да бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар