Хоккей
1 мин оқу 121

«Барыс» қайта еңсе тіктеді

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.2pt;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың &laquo;Барысы&raquo; сырт айдында өткен екінші ойынында да жеңіске жетті. Алғаш Вла&shy;дивостоктың &laquo;Адми&shy;ралын&raquo; 4:1 есебімен жеңсе, бұл жолы Ха&shy;баров&shy;скінің &laquo;Амурын&raquo; 1:0 нәтижесімен қапы қалдырды.</span></p>

«Барыс» қайта еңсе тіктеді

ҚХЛ-дың кейінгі ойындарында қатарынан төрт матчта жеңіліп, жанкүйерлерін өкпелетіп алған «Барыс» осылайша еңсе тіктеп келеді. «Платинум Арена» аренасында өткен кез­десудің бірінші кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Үзілістен кейін ерекше күш-жігермен мұзайдынға шық­қан Юрий Михаилис шәкірттері 32-минут­та есепте алға шықты. «Барыс» сапынан Ки­рилл Савицкий мергендігімен көзге түсті. Ал үшінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Осылайша, қатарынан екінші ойында жеңіске жеткен «Барыс» «Шығыс» конференциясында 7-орынға көтерілді.

Бөлісу:
«Барыс» қайта еңсе тіктеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар