Әлем
1 мин оқу 444
Оқу-жаттығу барысында тоғыз өрт сөндіруші мерт болды
<p style="text-align: justify;">Бразилияның Сан-паулу штатында үңгір опырылып, салдарынан тоғыз өрт сөндіруші мерт болды. Бұл туралы жексенбі күні өңірдің өрт сөндіру қызметі <a href="https://twitter.com/bombeirosES?lang=en" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Twitter-</a>де жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Тоғыз адам көз жұмды, бір адам құтқарылды, ол интенсивті терапия бөлімшесіне жеткізілді. Оқиға орнында басқа зардап шеккен адам қалған жоқ», делінген хабарламада.
Жексенбі күні таңертең өрт сөндірушілер үңгірдің ішінде оқу-жаттығу өткізіп жатқан кезде тау жыныстары опырылған. Өрт сөндіру қызметі келтірген мәліметтерге сәйкес, оқу-жаттығуға 28 адам қатысқан.
Бөлісу: