Талғар қаласына жаңа әкім тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Алматы облысы Талғар қаласы әкімін сайлауда Қайрат Исабаев жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қайрат Исабаев 53,5% дауыс жинап, Талғар қаласы әкімінің сайлауында жеңіске жетті. Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға қатысу 58%-ды құрады», делінген хабарламада.
Талғар қаласының әкімі лауазымына үш кандидат дауысқа түсті: Абзал Сағымбекұлы сайлаушылардың 35,3% дауысын жинады, Ұлан Қызайбекке сайлаушылардың 7,7%-ы дауыс берді, барлығына қарсы – 1,6%.
Аудандық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, Қайрат Кәрімұлы Исабаев 1968 жылы туған, бұл лауазымға өзін өзі ұсынған, Қызылқайрат ауылының отбасылық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі, Талғар қаласында тұрады.