Андрей Голубев әлемдік рейтингіде 28-орынға көтерілді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, өткен аптада Санкт-Петербург турнирінің финалына дейін жеткен Андрей Голубев жұптық сында 35-тен 28-орынға көтерілді. Бұл оның жеке рекордтық көрсеткіші болып табылады.
Сондай-ақ Александр Недовесов жұптық сында 76-дан 75-ке жоғарылады. Жекелей рейтингіде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 34-тен 36-ға, Дмитрий Попко 162-ден 171-ге, Михаил Кукушкин 159-дан 177-ге сырғып кетті.
Тимофей Скатов 266-дан 264-ке көтерілсе, Денис Евсеев 390-шы, Бейбіт Жукаев 749-орында келеді.