Фотогалерея
1 мин оқу 1,190

Шымкентте «Қыз Жібек» операсы сахналанды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының опера және балет театрында ұлттық музыка жауһары &ndash; Е.Брусиловскийдің &laquo;Қыз Жібек&raquo; операсы қойылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қойылым жаңаша стильде сахналанған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентте «Қыз Жібек» операсы сахналанды

Бұл жолы операның музыкасы қайта редакцияланып, жаңа акустикалық, компьютерлік, жарық беру технологиясы қолданылды. Қойылым – хореография тұжырымдамасы мен кейіпкерлердің ойнау, сөйлеу, ән айту тәсілдері арқылы қазақтың дәстүрлі өнерінің басымдығымен ерекшеленеді.

1

2

3

Қазақ өнерінің алтын қорына енген 2 актілі 4 көріністі операға жаңа тәсіл енгізу үшін ресейлік режиссер Михаил Панджавидзе шақырылып отыр.

4

5

6

Сахнада Әйкерім Шәріпбек Жібектің партиясын орындап, тыңдармандарға нәзіктік, сабырлылық, биязылық сезімдерінің шынайылығын жеткізді. Ал Төлегеннің образын Мәдіхан Дуисеев сомдап шықты.

7

8

9

Операны тамашалауға келген көрермен залға толы болды. Мәдени кештен рухани азық алған көпшілік ерекше әсер алғандарын жасырмай, ризашылықтарын білдіруде.

Бөлісу:
Шымкентте «Қыз Жібек» операсы сахналанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар