Оқиға
1 мин оқу 231

Елордада екі адамды қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Елордада екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен &laquo;KIA&raquo; автокөлігінің жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елордада екі адамды қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 31 қазан күні сағат 13:33-те «Kia» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесінің бойымен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Онда жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қаққан. Кейін инерциямен «Лада» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 60 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті боынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Kia» жүргізушісі ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Елордада екі адамды қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар