Оқиға
1 мин оқу 160
Нұр-Сұлтанда автобус пен трактор соқтығысты
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда арнайы техника жолаушылар автобусына соқтығысып, салдарынан үш жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
CTS қалалық көлік компаниясы мәліметінше, оқиға сағат 13.30-да Тәшенов көшесі мен Республика даңғылы қиылысында болған.
«Арнайы техникамен (трактор) №2 автобус соқтығысқан. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді», деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.
Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция бөліміне жолданатыны айтылды.
Бөлісу: