Елорда
1 мин оқу 181
Елордада көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Нұр-Сұлтанда 2 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз бұрқасын күтіледі. Батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, астаналықтарға ауа райының қолайсыздығы 112 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы да ескертіледі.
Бұған дейін қалалық полиция жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауға, өте сақ болуға және қозғалыс кезінде жылдамдық шегі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтауға кеңес берген болатын.
Бөлісу: