Аймақтар
1 мин оқу 423

Қостанай автозауытында 150 мың көлік шығарылды

<p style="text-align: justify;">Қостанайдағы &laquo;Сары&shy;арқа&shy;АвтоПром&raquo; авто&shy;мо&shy;биль за&shy;уы&shy;ты&shy;ның конве&shy;йерінен 150 мы&shy;ңыншы автомобиль шықты.</p>

Қостанай автозауытында 150 мың көлік шығарылды

Мерейтойлық автокөлік қазақ­стандықтар арасында кең сұра­нысқа ие, Қазақстанның автомобиль нарығында көшбасшы болып тұр­ған Chevrolet Nexia моделіне тура келді. Мәселен, биылғы үш тоқ­санда көліктің осы түрінен 9 мың­нан астам автомобиль сатылды.

2021 жылдың тоғыз айда «СарыарқаАвтоПром» 38 мыңнан астам автомобиль шығарды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147%-ға артық. Пандемияға қарамас­тан, автозауыт жылына 60 мың авто­көлік шығарып келеді.

Қостанай зауыты бүгінгі таңда JAC, Chevrolet, Kia, Renault, Lada, SAZ брендтердің өнімдерін шығарады.

Елдің ішкі нарығын қамтумен қатар, биыл отандық өндірістің 5 мың­нан астам көлігі Ресей Феде­ра­ция­сына, Қырғызстан, Өз­бек­стан, Әзербайжан мен Беларусь Рес­пуб­ликаларына экс­порт­қа жіберілді.

Кәсіпорынның табыстары мен жетістіктері – зауыт ұжымының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі. Қостанай зауытында 1800-ден астам адам жұмыс істейді, олардың SAP University-де тұрақты негізде оқу және біліктілігін арттыру мүмкіндігі бар.

Бөлісу:
Қостанай автозауытында 150 мың көлік шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар