Өнер
2 мин оқу 980

Жас күйшілер жарқылы

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан &ndash; Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сейтек сынды күйшілер өмірге келген өнерлі өлке. Ұлттық музыка өнерінде есімі өшпестей сақталатын бұл есімдердің лайықты ізбасарлары бар ма? Жақында Орал қаласында өткен жас күйшілер сайысы осы сауалға жауап бергендей.</p>

Жас күйшілер жарқылы

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері бас­қармасы қолдап, «Ғасыр» жас­тар қоғамдық бірлестігі ұйым­дастырған жас күйшілер жарысына қатысушылар аз бол­мады. Осының өзі көңілге қуа­ныш ұялатты. Жақында ғана пайдалануға берілген ақшаңқан «Атамекен» өнер ордасында өткен күй бәсекесі Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай­ластырылды. Шара еліміз­дегі күйшілік өнерді өс­келең ұр­паққа, өнерсүйер жұрт­шы­лыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орын­дау­шыларды анықтау, дарынды өнерпаздардың кә­сіби ше­­берліктерін арттыру мақ­са­тында ұйымдастырылған. Байқау барысында жастарға ұлт­­тық құндылықтарды насихаттау мақсатында арнайы ұлтық қолөнер түрлерінен көр­ме ұсынылды.

«Күй – тектілік тереңі!» атты облыстық жас күйшілер са­йысы 2 кезеңнен тұрды. Ірік­теу кезеңінен іркілмей өт­кен ең үздік жас күйшілер фи­нал­дық бәсекеде сынға түсті. Же­ңім­паздар 14-18 және 19-29 жас аралығындағы екі топ бо­йын­ша анықталды.

Сонымен сайыс нәти­же­­сінде 14-18 жас аралығы бо­­­йынша жүлделі I орынды – Нау­­рызбек Күзенбаев, II орынды – Эрнест Қайыржанов, III орын­ды Айзада Қибашова ие­­ленді. Ерекше өнерімен көзге түс­кен Жұлдыз Нариманова мен Мәдина Қа­дырғалиеваға «Кө­­рер­мен көз­айымы» жүл­де­­­лері бұйыр­ды. Ал 19-29 жас аралығы бо­йынша I орын сый­­­лығы Қайрат Бай­құттыға бұ­йырды. Жүлделі ІІ-III орынды Қыдырнияз Егінғали мен Те­мір­­лан Сыралиев өзара бө­­ліс­ті. «Кө­­рермен көзайымы» ата­лы­мына Бекзат Рамазан мен Нұр­ай Үм­­бетова лайық деп таныл­ды. Үздіктерге арнайы дип­­­лом, естелік сыйлық және қар­­­жылай сертификат табыс етілді.

 

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Жас күйшілер жарқылы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар