Теннис
1 мин оқу 120

Финалда есе жіберді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Санкт-Петербургте өткен ATP 250 турнирінің жұптық бәсе&shy;ке&shy;сінде финалға шыққанымен, жарыста жеңіске жете алмады.</p>

Финалда есе жіберді

А.Голубев монаколық Юго Ниспен бірге финалда осы жарыстың 1-ракеткалары, ұлы­британиялық Джэйми Маррей – бразилиялық Бруно Соареспен бас жүлдені сарапқа салды. Д.Маррей мен Б.Соарес 1 сағат 20 минутқа жалғасқан матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке барысында Голубев пен Нис 4 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 3 брейкке (5 брейк-пойнт) қол жеткізді. Бұл А.Голубевтің өз спорттық жолындағы жұптық сында ATP додаларындағы екінші финалы еді.

Бөлісу:
Финалда есе жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар