Қазақстан
2 мин оқу 210

Тасымалдауда іркіліс жоқ

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан темір жолы&raquo; ұлттық компаниясы көмір тасымалы бойынша міндеттемелерді ойдағыдай орындауда. Мәселен, қазан айының 25 күні ішінде ел тұтынушылары үшін 5,1 млн тоннадан астам тас көмір тиеліп, жоспар 102 пайызға асыра орындалған.</p>

Тасымалдауда іркіліс жоқ

Оның ішінде республиканың жылу электр орталықтарына 4,2 млн тонна жеткізіліп, тиеу жоспары 102,3 пайызды құрады. Еліміздің коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін 986 мың тоннадан астам қатты отын тиелсе, экспортқа 2,1 млн тонна көмір жөнелтілген. Қазан айында жалпы көмір тиелімі 7,3 млн тоннаны құраған.

Облыстардағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары жол бөлімшелерінде көмір сақталатын тұйықтарды аралап, кәсіпорындардың кірме жолдарындағы көмір қорларын бақылап, олардың иелерімен бірлесіп, стра­тегиялық жүкті жеткізу бойын­ша мәселелерді анықтайтын жедел мониторингтік топтар жұмыс істеуде. Олар барлық ақпаратты жедел түрде ұлттық компанияның орталық аппара­ты­ның көмірді тасымалдау жөніндегі штабына жолдап отырады.

Қазан айының 25 күні ішінде Қоста­най, Павлодар, Қарағанды, Семей жол бөлім­шелері бойынша ҚТЖ-ның мони­торингтік топтары 30-дан астам комму­налдық-тұрмыстық көмір алушыларды аралаған. Мәселен, Қостанай облысына қазан айының 25 күнінде 43 мың тоннадан астам, Павлодар облысында 36 мың тоннадан астам, Қарағанды облысында 128 мың тоннадан астам коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізіліп, жоспар межеден асыра орындалған.

Жүк жөнелтуші «Восток­Уголь­Пром» ЖШС қазан айын­да Шығыс Қа­зақ­­стан облысының коммуналдық-тұр­мы­с­­­тық қажеттіліктері үшін 180 мың тон­­­на­­дан астам көмір тиеуді жоспарлап­ты. Алай­­да осы айдың 25 күнінде 185 мың тон­­надан астам қатты отын тиеп, жос­­пар­­дың орындалуы 128 пайызды құрады.

Мониторингтік топтар кірме жол­­дарды аралау барысында ком­му­нал­дық-тұрмыстық көмір алушыларда туындаған барлық мәселені жедел тәртіппен шешіп отырады. Бірлесіп ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде өңірлерде тұрғындардың көмір сатып алуына қатысты айтарлықтай проблемалар анықталмаған.

Бөлісу:
Тасымалдауда іркіліс жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар