Теннис
1 мин оқу 152

Бублик бабында

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Париж&shy;де (Франция) өтіп жатқан ерлер ара&shy;сындағы ATP 1000 турнирін жеңіспен бастады.</p>

Бублик бабында

Ол алғашқы айналымда әлемнің 24-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен күш сынасты. Бірінші партияда қазақстандық теннисші жеңілді – 2:6. Есесіне екінші сетте күш алып, қарсыласынан 7:5 есебімен басым түсті. Ал шешуші үшінші партияда есеп 4:4 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасады. Әйтсе де ойынға доп қосу сәтінде жиі қателесіп, қарсыласы таразы басын теңестіріп кетті. Дегенмен, А.Бублик екінші мүмкіндігін мүлт жібермей, тағы да 7:5 нәтижесімен жеңіс­ті жұлып әкетті.

Тартысты өткен матч 2 сағат 15 минутқа созылды. Бәсеке барысында А.Бублик 24 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 3 брейкке (12 брейк-пойнт) қол жеткізді. Осылайша Қазақстан өкілі өзінің спорттық жолында алғаш рет Париж мастерс турнирінің екінші айналымына шықты. Енді ол жүлде қоры 2,6 млн еур­одан асатын жарыс­ты жалғастыру үшін әлемнің сегізінші, осы доданың 6-ракеткасы нор­вегиялық Каспер Руудпен күш сынасады.

Бөлісу:
Бублик бабында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар