Спорт
1 мин оқу 490

Шымкенттік пауэрлифтингшілер әлем чемпионатынан 11 жүлде жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">21-31 қазан аралығында Литваның Вильнюс қаласында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл сайыста Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары «Жатып сығымдап көтеру» жаттығуы бойынша 11 жүлде жеңіп алды: 6 – алтын, 2 – күміс және 3 – қола.

т

Атап айтқанда, әйелдер арасында Ксения Хан (76 келі) 2 алтын, Алевтина Николаева (84 келі) 1 алтын, Азиза Абдураимова (84 келі) 1 қола жүлдеге ие болды. 

т

Ерлер арасындағы бәсекеде Айдар Қошқаров 1  күміс және 1 қола, жасөспірімдер арасында Руслан Кәрімбеков (53 келі) 2 алтын, Жавлан Шаукатов (93 келі) 1 алтын, Тохиржон Абдурахманов (105 келі) 1 күміс және Қуанышбай Төлегенов (74 келі) 1 қола жүлдеге иелік етті. 

ь

Пауэрлифтинг бойынша түрлі халықаралық жарыстарда Қазақстан спортшыларының жеңісті дәстүрі бар. Оның ішінде Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.

б

б

Бөлісу:
Шымкенттік пауэрлифтингшілер әлем чемпионатынан 11 жүлде жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар