Қазақстанға қоныс аударушылар санын арттыру жоспарлануда
<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына өзгерістер енгізілетін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Осылайша, келесідей белгіленді:
- 2021 жылға арналған 1 146 адамнан тұратын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы;
- 2021 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы саны 7 023 адам.
Бұрынғы редакциясында 2021 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1 246 адамды құрады. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - 6 940 адам.
Түсіндірілгендей, жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударушылар санының ұлғаюына байланысты, сондай-ақ Павлодар облысында өңірлік квота алуға өтініштер беру үрдісінің төмендеуіне байланысты қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының көрсеткіштеріне сандық өзгерістер енгізіледі.