Аймақтар
1 мин оқу 440

Алматыда жол апатынан 5 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты. Жантүршігерлік жол апаты Шонжы ауылының маңында болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жол апаты Ұйғыр ауданындағы Шонжы – Ақсу – Ұзынтам тас жолының 3-ші шақырымында сәрсенбі күні күндіз болған.

«Audi және Nissan көліктері бетпе-бет соқтығысып, отқа оранды. Екі көліктің жүргізушісі, Nissan көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы үшеуі Шонжы ауылындағы ауруханаға жатқызылды, кейінірек олардың екеуі көз жұмды. 5 жасар қыз жан сақтау бөлімінде жатыр», деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының төртінші бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Алматыда жол апатынан 5 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар