Футбол
1 мин оқу 250

Бензема «Реалдың» мыңыншы голын соқты

<p style="text-align: justify;">Футболдан чемпиондар лигасының төртінші тур ойындары аяқталды. Топтық кезең ойындары енді бел ортасынан ауған шақта бірнеше команда 1\\8 финал жолдамасын иеленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бензема «Реалдың» мыңыншы голын соқты

Бірінші болып Ұлыбританияның «Ливерпуль» футбол клубы 1\\8 финалға мерзімінен бұрын шықты.

«Энфилд» стадионында өткен ойында алаң қожайындары 2:0 есебімен испаниялықтарды қапы қалдырды.

Германияда Дортмундтың «Боруссия» футбол клубынан 3:1 есебімен басым түскен Нидерландының «Аякс» футбол клубы да уақытынан бұрын 1\\8 финалға жолдама алды.

Сондай-ақ бұл турда Мадридтің «Реалы» Украинаның «Шахтер» командасын қабылдап, қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті.

Корольдік клубтың шабуылшысы Карим Бензема «Реалдың» турнирдегі мыңыншы голын соқты.

Бөлісу:
Бензема «Реалдың» мыңыншы голын соқты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар