Аймақтар
1 мин оқу 640

Шымкентте сәбіз өсірудің жаңа технологиясы пайдаланылады

<p style="text-align: justify;">Шымкентте ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері және Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өкілдерінің қатысуымен &laquo;Шымкент қаласының жасыл белдеуінің сұр топырақтарында сәбізді аулада өсіру технологиясын енгізу&raquo; жобасы бойынша семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жиынның мақсаты – Шымкенттің жасыл белдеуінің сұр топырақтарында сәбіздің қарқынды сорттарын өсірудің тарақты технологиясын енгізу, тамшылатып суғару әдісін қолдану, экологиялық таза өнім алу және тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамту.

«Қаладағы жеке тұрғын үй телімдерінің 60%-да іргелік жерлері бар. Сол жерлерге инновациялық тәжірибені қолдана отырып, сәбіз егу арқылы отбасылық кәсіпті жүзеге асыруға да болады. Себебі асханалық сәбіз – құрамында дәрумені бар жетекші көкөніс дақылы ғана емес, техникалық дақыл ретінде де экономикалық маңызға ие», деп хабарлады Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа технологияны «BES-TULIK» шаруақожалығына енгізуді көздеп отыр. Демек, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға мүмкіндік туады.

1

1

3

Бөлісу:
Шымкентте сәбіз өсірудің жаңа технологиясы пайдаланылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар