Елорда
1 мин оқу 176

Елордадағы ЖЭО газға қашан көшеді

<p style="text-align: justify;">Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елордадағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 ауыстыру жобасы 2022 жылы аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2022 жылы Нұр-Сұлтандағы ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы аяқталады. Алматыда үш ЖЭО-ны газға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қуаты 1300 мегаватт болады. Аяқтау мерзімі 2026 жылға дейін белгіленді», деді министр Үкімет отырысында.

Бұдан басқа, елдің оңтүстігінде қуаты 2 150 мегаватт бу-газ қондырғыларын салу мәселесі пысықталып жатыр.

«Теміртауда «АрселорМиттал Теміртау» станциясын газға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ орта мерзімді деңгейде тау-кен саласындағы еліміздің ірі кәсіпорындарын көмірден газға көшіру жоспарланған», деп толықтырды Мағзұм Мырзағалиев.

Бөлісу: