Елордада әл-Фарабиге ескерткіш орнатылады
<p>Нұр-Сұлтан қаласында Әбу-Насыр әл-Фарабидің құрметіне ескерткіш қойылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Әлемнің екінші ұстазы атанған тұлғаның құметіне қойылатын ескерткішке қатысты мәселе елорданың қалалық мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес отырысында талқыланды.
«2019 жылы Президент әкімшілігінен елордада әл-Фараби, Құрманғазы, Ж. Тәшенов және тағы басқа тұлғаларға ескерткіш қою тапсырмасы берілді. Өткен жылы пандемияға байланысты әл-Фарабиге ескерткіш орнату кейінге шегерілді. Қазір ескерткіш дайындалып жатыр. Ал Ж. Тәшенов пен Т. Бигелдиновке ескерткіш қоюға биыл қаржы бөлінді», деді Нұр-Сұлтан қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев.