Бокс
1 мин оқу 232

ӘЧ: Сәкен Бибосыновтың қарсыласы анықталды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық бәсекесінде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың қарсыласы анықталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

ӘЧ: Сәкен Бибосыновтың қарсыласы анықталды

Сәкен финалда америкалық Роско Хиллмен бақ сынасады.

Еске салайық, бұған дейін жерлесіміздің қарсыласы таиландтық Танарат Саенгфет болған. Бибосынов төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Бибосынов әлем чемпионатының финалына шығып, кем дегенде күміс медаль иеленіп отыр.

Сонымен қатар қазақстандық боксшылар арасынан алғаш болып рингке Теміртас Жүсіпов шыққан болатын.

48 келі салмақтағы жерлесіміз беларусь боксшысы Евгениий Кармильчикпен кездесіп  үш раунд қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу:
ӘЧ: Сәкен Бибосыновтың қарсыласы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар