Медицина
1 мин оқу 455

Жаңа диагностикалық аппаратпен жабдықталды

<p style="text-align: justify;">Медицина мекемелерінің әлеуетін әжептәуір арттырып жатқан заманауи жоғары технологиялық жабдықтар қандай да ауыр дертті ерте анықтап, науқастарды дер кезінде емдеуге септігін тигізуде. Осындай игілікке қол жеткізіп отырған Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпсалалы қалалық аурухана жақында тағы бір жаңа диагностикалық аппаратпен толығып, мұнда мультиспиральды компьютерлік томография орнатылды.</p>

Жаңа диагностикалық аппаратпен жабдықталды

Мультиспиральды ком­пью­­терлік томография – адам дене­сінің ішкі мүшелерінің күйі туралы тез ақпарат алуға мүм­кін­дік беретін заманауи және дәл диагностикалық әдіс. Орнатылған жабдықтың ар­тықшылығы – оны пайдалану кезінде пациенттер мен қызметкерлерге радиациялық жүк­теме азаяды. Сәйкесінше зерт­теу уақыты қысқарады және аппараттың өткізу қабілеті артады.

«Қазір біздің денсаулық сақтау саласы медициналық кө­­мек көрсету сапасын артты­ра отырып, пациентке бағ­дар­ланған қағидатқа ден қойып жатыр. Диагностикадан өту, мамандардың ұсыныстары мен қорытындыларын бір жерде алу өте ыңғайлы. Мұн­дай ыңғайлылық пациент үшін де, дәрігерлер үшін де қарас­тырылған. Жаңа құрылғы кеу­де қуысының ауруларын ерте кезеңде диагностикалауға мүм­кіндік береді. Оның үстіне қазіргі пандемия жағдайында азаматтардың денсаулығын ұдайы бақылау және қолдау маңызды», деді қалалық қоғам­дық денсаулық сақтау басқар­масының басшысы Тимур Мұратов.

Осы орайда қазан айының басында №4 қалалық емханада ангиографиямен компьютерлік томографияның жаңа аппараты орнатылғанын да айта кеткен жөн. Кардиопакеті бар заманауи жабдық жүрек-қантамыр жүйе­сіне толық диагностика жүргізеді. 2020 жылы осындай екі аппарат елордалық меди­циналық ұйымдарға жеткізілді.

Бұрын халықты диагности­ка­лық қызметтермен қамту үшін флюорографиялық тексеру бо­йын­ша 2 цифрлы жылжымалы кешен, 6 рентген-аппарат, 2КТ сатып алынды.

Бөлісу:
Жаңа диагностикалық аппаратпен жабдықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар